"Жібек жолы" халықаралық форумы
13.04.2023
Көрулер: 515
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының магистранттары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті ұйымдастырған "Жібек жолы" халықаралық форумын ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Ұйымдастыру комитетіндегі сапалы жұмысы үшін магистранттар Жанель Бегалиева мен Төлеген Аяжан Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.Алматы қаласы бойынша МКД кафедраның кеден органдары үшін кадрлар даярлау, студенттер мен магистранттардың практика базасы ретінде практикасын ұйымдастыру, бірлескен ғылыми және кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу саласындағы сенімді серіктесі болып табылады.