Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз Тақырыбы: «ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» (Байсалов оқулары - 2023)

01.04.2023

Көрулер: 609

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен 27 сәуір 2023 жылы сағат 11.00 де ҚазҰУ кітапханасында, 409 аудиторияда «Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері» (Байсалов оқулары - 2023) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың өзекті теориялық мәселелерін, мемлекеттік органдардың қызметінде құқық қолдану мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференция жұмысының бағыттары:

  • ·        Экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің теориялық-әдіснамалық аспектілері;
  • ·        Экологиялық қауіпсіздік жүйесіндегі экологиялық құқықтық тәртіп;
  • ·        Экожүйелердің құқықтық табиғаты, оларды ұтымды пайдалану және қорғау принциптері;
  • ·        Жер мен мүлікке құқықтар объектісі ретінде табиғи ресурстар мен кешендердің, жайылымдық экожүйелер мен жайылымдық алқаптардың құқықтық режимі;
  • ·        Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық мәселелері;
  • ·        Экологиялық тәрбие және білім беру саласындағы мемлекеттік идеологияны қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясат;
  • ·        Экологиялық заңнаманы бұзудан келтірілген зиянды өтеу, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау кепілдігі мәселелері;
  • ·        Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қоғамдық бірлестіктердің рөлі мен өкілеттіктері;
  • ·        Мемлекеттік органдардың экологиялық құқықтық тәртіпті және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудегі қызметі.

Конференцияға қатысушылар экологиялық заңнаманы талқылайды. Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат, идеология мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қазіргі жағдайда заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін ұсынымдар әзірленетін болады.

Конференция жинағында құқықтанудың барлық бағыттары бойынша конференцияға қатысуға арналған стендтік баяндамалар бөлімі жоспарлануда.

Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғалымдары, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, ЖОО оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, студенттер, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдары бойынша халықаралық стандартты нөмір берілген материалдардың электрондық жинағы шығарылады (ISBN) ұйымдастырушылардың есебінен..

Материалдарды эл. мекен-жайы: conference27052022@mail.ru 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция форматы: аралас формат (онлайн және офлайн)

Конференция өтетін күні: 27 сәуір 2023 жылы

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71, ҚазҰУ.әл-Фараби, ҚазҰУ кітапханасы, 409 аудитория.

Өткізу Уақыты:Басталуы сағат 11: 00-де.

Конференция үйлестірушісі: Ережепқызы Роза +7-777-219-99-79

Конференцияға қосылу: Zoom платформасы

Уақыты: 27 апр. 2023 11:00 AM Алматы

 

Подключиться к конференции Zoom

https://us05web.zoom.us/j/89029430777?pwd=KzB0UGs0MXVPbkxhc1dScDJoRE9EUT09

 Идентификатор конференции: 890 2943 0777

Код доступа: 917863