Оқыту нәтижелерін әзірлеу бойынша шеберлік сыныбын кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ. к., доцент Айдарханова К.Н. жүргізді

13.10.2022

Көрулер: 800

2022 жылғы 13 қазанда пән бойынша оқыту нәтижелерін әзірлеу бойынша шеберлік сыныбын кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ. к., доцент Айдарханова К.Н. жүргізді. Пән бойынша күтілетін оқу нәтижелерін анықтау процедуралары және олардың практикалық сабақтарда, СӨЖ-да бейнеленуі және қорытынды бақылау сұрақтары көрсетіліп, түсіндірілді. Тыңдаушылар оқу нәтижелерін әзірлеу алгоритмін, Блум таксономиясы бойынша әрбір ОН тұжырымдау тәсілдерін және жалпы білім беру бағдарламасындағы оқу нәтижелеріндегі әрбір пәннің ОН орнын түсінді. Оқытудан кафедра оқытушылары өтті.