Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары 2023 жылғы 19 наурыздағы сайлауға белсенді қатысты

25.03.2023

Көрулер: 820

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушылары - заң ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Т. Айгаринова және PhD Докторы С. Әділғазы 2023 жылы 19 наурызда өткен сайлауға белсенді түрде атсалысып,  259 және 258 сайлау учаскелеріне төрағалық етті. Аталған учаскелерде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері, магистранттары және айналадағы тұрғындар қатысып, өздерінің сайлау құқықтарын жүзеге асырды. Атап айтсақ, 95 жасты алқымдаған Академик, Қазақ тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың келгені біздер үшін ерекше, көңіл бөлерлік жайт болды. Жаңа Қазақстанның заң шығарушы билік органдарының өкілдері,  халық таңдаулыларының қалыптасуына әрбір сайлаушы өзінің үлесін қосты.  Қазіргі күнде саяси доданың ресми нәтижелері анықталып,  Қазақстан Республикасының Парламент  мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттары өз мандаттарын алып, қызметтеріне кірісті. Жаңа Қазақстан үшін  жарқын болашақ  болады деген үміттеміз.