«Құқықты дамытудағы жаңа бағыт – антиэйджинг»

03.03.2023

Көрулер: 1015

Конференцияны ҚазҰУ-дың Мемлекет және құқық институты, Кубан мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы және Ресей ТЖМ мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетінің Экономика және құқық кафедрасы бірлесіп ұйымдастырды.  

Іс-шара билік органдары, қоғамдық, халықаралық ұйым өкілдері және басқа да ғылыми бағыттар мен құқықтық, медициналық, мәдени-әлеуметтік, экономика-экологиялық сала өкілдерінің арасында кең ашық алаң құруға бағытталған.

Конференцияда сөз сөйлеген Салимгерей Арон Аманжолұлы – конференцияны ұйымдастыру комитетінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық Институтының директоры бірлескен конференцияны ұйымдастыру мен өткізудің негізгі себептерін ерекше атап өтті.

Конференция тақырыбының өзектілігін атап өткен профессор, заң факультетінің деканы Дәулет Байделдинов: «Антиэджинг мәселесі соңғы кездері өте байыпты реттелуі тиіс және құқықтық тұрғыдан белгілі бір процестерге әсер етеді. Адам денсаулығына әсер ету факторы адам құқықтарына да қатысты. Жаңа медициналық технологияларды қолдануға байланысты барлық мәселелер қатаң заңдық реттеуден өтуі тиіс», – деді.

Пленарлық отырыста кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының мүшелері баяндама жасады:
з.ғ. д., профессор Еркінбаева Лаззат Қалымбекқызы Қазақстан Республикасындағы эйджингке қарсы экологиялық-құқықтық мәселелер тақырыбында баяндама жасап, қажеттілік туралы бірқатар ұсыныстар жасады* адамның өмір сүру сапасының нормативтері ұғымын заңнамалық тұрғыдан анықтау және оларды қамтамасыз ету өлшемдерін белгілеу.* нормативтердің орындалуы қоршаған ортаның жай-күйі және адам денсаулығы туралы Ұлттық баяндамаларда жариялануы тиіс, бұл жұртшылыққа қоршаған орта жай-күйінің адам өмірі мен денсаулығына әсері бөлігінде хабардар болуға мүмкіндік береді.•Бұл талап мемлекет пен табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.Өз баяндамасын PhD докторы Ережепқызы Роза ұсынды. 7m04212 Теңіз және энергетика құқығы (Бакму) білім беру бағдарламасы бойынша кафедра магистранты Бегалиева Жанель Бақдәулетқызы баяндама жасады. Өз баяндамасын 2 курс кафедрасының магистранты Зурабов Мұстафа Абдулкаримович дайындап ұсынды