ҚАЗҰУ-ДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗ ӘЙЕЛДЕР» ФОРУМЫ ӨТТІ

07.03.2023

Көрулер: 879

Форумды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:«Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Қыз-келіншектер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысуда. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады» деп атап өтті. Сондай-ақ «Әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның дамуына септігін тигізеді» деп әйел-аналарға зор жауапкершілік жүктеді. Мемлекет талантты, талапты әйел-аналардың дамуына жан-жақты жағдай жасап келеді.Сондықтан ғылым және жоғары білім саласындағы әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейтіп, ұдайы қолдау көрсетуді біз де жалғастыра береміз.», – деді өз сөзінде университет ректоры.

 

 

Шара аясында мерекелік концерт ұсынылып, Студенттер сарайының сахнасында танымал эстрада жұлдыздарымен қатар университеттің талантты студенттері мен оқытушылары өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама соңында барлық қатысушылар, көремендермен бірге «Ана туралы жыр» әнін шырқады.

Мерекелік шара көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.