Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарның докторы, профессор Байдельдинов Даулет Лайкович Ұлттық заң акадеимясының академигі болып сайланды.

31.01.2023

Көрулер: 1007

Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарның докторы, профессор Байдельдинов Даулет Лайкович Ұлттық заң акадеимясының академигі болып сайланды. Ел президенті Қасымжомарт Тоқаев Ұлттық Ғылым академиясына жаңа мәртебе беру бойынша алға жаңа міндеттер қойды. Ұлттық Ғылым академиясы жарғылық капиталға мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. Ғылым жаңа деңгейге көтерілуде, Қазақстан ғылымының дамуына ұлттық Заң Академиясы өз үлесін қосады.

2020 жылдың 30 қарашасында құрылған Ұлттық заң академиясының ғылыми потенциялы жоғары. Бүгінгі таңда Ұлттық заң академиясының мүшелері заңгер ғалымдар болып табылады: оның құрамында 33 академик және 2 корреспондент мүше бар.

Академия қызметінің мақсаты Қазақстандағы заң ғылымдарының барлық салаларын дамытуға, неғұрлым перспективалы ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді іске асыруға, елдің пайдасына ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізуге, ғылыми-инновациялық қызметті дамытуға, республиканың экономикалық, әлеуметтік, Мемлекеттік-құқықтық және мәдени дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан заңгер-ғалымдарының кәсіби шоғырлануына жан-жақты жәрдемдесу болып табылады.

Д. Л. Байдельдинов атап өткендей, көрнекті құқықтанушы ғалымдар С.З. Зиманов, С. С. Сартаев, С. Б. Байсалов, Г. С. Сапарғалиевтардың шәкірттері болған Ұлттық заң академиясының құрылтайшылары өздерінің ғылыми мектептерін қазақстандық заң ғылымының рухы мен дәстүрінде дамытуды жалғастыратын болады. Ұлттық заң академиясы жас ғалымдары аға буын ғалымдарының тәжірибесі мен білімімен үйлестіре отырып, заң ғылымында жоғары ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.