әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 49-шы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасында Заң факультеті 20 команда арасында жалпы есепте 1-орынға ие болды.

19.01.2023

Көрулер: 847

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 49-шы дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасында Заң факультеті 20 команда арасында жалпы есепте 1-орынға ие болды. Жеңіске факультет оқытушылары мен қызметкерлерінің бірлігі, адалдығы мен спорттық рухының арқасында қол жеткізілді. Жарыс бірнеше спорт түрлерінен өтті: тоғыз құмалақ, бадминтон, настольный теннис, волейбол, футзал.

Спартакиадаға оқытушылар Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасынан: Айгаринова Г.Т., Ибрагимов А., Кудерин И.К., Әділғазы С., Үмбетов М., Қонысбай Б., Рахымғалиева А.; Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасынан: Ахатов У.А., Тәуекелов Н., Оңдашұлы Е., Жайнақ А., Мереке А., Набиева М.; Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасынан: Жәнібеков А., Абдрахманов Д., Қабдрашев Т., Тұрысбек Р., Бақыт С.; Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасынан: Ермұхаметова С.Р., Нұрахметова Г.Г., Есламғалиев Ж., Калкашев Н., Ақылбекова М., Аманқұл М. қатысты.

Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру біздің университет ұжымының корпоративтік рухы мен бірлігін нығайтуға ықпал етеді, ал командалар арасындағы салауатты спорттық бәсекелестік жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерді дамытады, спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтына ынталандырады.