Қазан айының үшінде заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 3-курс студенттерінің арасында жер құқығы пәні бойынша ашық сабақ өткізілді.

03.10.2022

Көрулер: 1144

Қазан айының үшінде заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 3-курс студенттерінің арасында жер құқығы пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың басты тақырыбы ретінде жерді пайдалану құқығы ауқымды түрде қарастырылып, студенттер арасында тақырыпты жан-жақты талдау жүзеге асырылды. Тақырыпты талдауда ҚР-ң 2003 жылғы 20 маусымда қабылданып, 2022 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Жер кодексі негізге алынды. Ашық сабақ үстінде жер пайдалану құқығының түсінігі, оның түрлері, жер пайдалану құқығының негіздері және субъектілері және де т.с.с. маңызды мәселелер толыққанды талқыланды. Сабақ барысында алынған білімдерін әртүрлі ребустар, қызықты кроссвордттар шешу арқылы бекітті. Студенттер жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық  жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау мәселелері туралы сұрақтарға жауап алды. Ашық сабаққа кафедра оқытушылары Б.Қалымбек, Г.А. Қуаналиева, А.А. Есекеевалар қатысты.