Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Алматы) мамандандырылған аккредитациясы, 2021 жылғы 2-4 желтоқсандағы ЕЭК сапары (2 кезең)

02.12.2021

Көрулер: 1709

2021 жылдың 2 - 4 желтоқсан аралығында сыртқы сараптау комиссиясының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сапары болды.  Сапардың мақсаты: халықаралық институциональдық аккредиттеу шеңберінде университет қызметінің негізгі бағыттарын бағалау.

Заң факультетінің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасына 7М04214 Кеден ісі (бастапқы аккредиттеу) мамандығы бойынша шетелдік сарапшы ретінде:

АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІҢ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ (IAAR) - сарапшысы - Веслав Александрович Чижович, экономика ғылымдарының докторы, Жешувадағы Құқық Университеті құқық және әкімшілік жоғары мектебінің профессоры, Халықаралық кеден құқығы саласындағы маман, Халықаралық кеден құқығы академиясының (ICLA) мүшесі, Дүниежүзілік кеден ұйымының кәсіби стандарттарының бірлескен авторы (Варшава қ., Польша);

IAAR сарапшысы - Розенцвайг Анна Игоревна, заң ғылымдарының кандидаты, доцент,  академик С.П. Королев атындағы Самара ұлттық зерттеу университетінің ішкі бақылау басқармасының бастығы, Росаккредагенттіктің сарапшысы (Самара қ., Ресей Федерациясы);

IAAR сарапшысы - Жаркенова Светлана Бахытовна, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-сұлтан Қ., Қазақстан Республикасы) келді.

Білім беру бағдарламасының сапасы туралы объективті ақпарат алу және өзін-өзі бағалау туралы есептердің мазмұнын нақтылау үшін заң факультетінің деканы, з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдиновпен, з.ғ.к., профессор м.а. деканның оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары У.А. Ахатовпен, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі деканның орынбасары, з.ғ.к., доцент Е.Т. Алимкуловпен, 7M04214 кеден ісі ББ үйлестірушілері кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор А.Е. Жатқанбаевамен, кафедра меңгерушісінің оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., доцент Айдархановамен кездесу өтті.