Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ПОҚ онлайн-режимде отырыс өткізді

14.04.2020

Көрулер: 2012

 

14.04.2020Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ПОҚ онлайн-режимде отырыс өткізді
2020 жылдың 14 сәуірінде коронавирус індетіне байланысты елдегі төтенше жағдайдың жариялануына байланысты онлайн-режимде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының кезекті отырысы өтті.
Отырысты кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Жатқанбаева Айжан Ержанқызы өткізді. Күн тәртібінде: қашықтықтан оқыту технологиясының өзекті мәселелері. Емтихан өткізу түрлері, жазғы сессияның ауызша және жазбаша емтихандарына қойылатын талаптар мен құрылымы. Осыған байланысты емтихан тапсырмалары ПОҚ дайындалуы және уақытында ұсынылуы тиіс. Кафедра эдвайзерлеріне барлық студенттермен, соның ішінде шетелдік студенттермен байланыс орнату және интернетке қосылу және компьютерге кіру мүмкіндігін қадағалау тапсырылды. Дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларды қорғау онлайн режимінде жүргізіледі. Барлық сұрақтар бойынша кафедра отырысы тиісті шешімдер қабылданды.

Ережепқызы Р. доктор PhD

Кеден, қаржы және экологиядық құқық кафедрасы