ЖАҢАЛЫҚТАР

2 курс 202 топ студенттерінің қашықтан оқу кезіндегі видео ролик.

22.04.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің  кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасынын 2 курс 202 топ студенттерінің қашықтан оқу кезіндегі видео ролик.

https://youtu.be/M4EGpp_NRqw

Ары қарай оқу >>

Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз ҚазҰУ - Coursera for Campus жобасының мүшесі!

21.04.2020


Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз ҚазҰУ - Coursera for Campus жобасының мүшесі! ҚазҰУ - Coursera for Campus жобасының мүшесі! Жаңа бір нәрсені үйренудің, басқа мамандықты игерудің немесе өз мамандығыңызды жетілдірудің уақыты келді. COVID-19 пандемиясының арқасында көптеген елдер карантинге ұшырады және көптеген қызметтер осы кезең ішінде өз материалдарына ТЕГІН қол жетімді болды. Ең үлкен ғаламдық білім беру платформасы Coursera әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің коронавирустық пандемия кезіндегі Coursera for Campus жобасына қосылуға өтінімін мақұлдады. Бейне дәрістер, презентациялар, үй тапсырмалары және мәтіндерден тұратын күндізгі бөлімде оқуға арналған тегін курстардың мүмкіндігімен әлемнің үздік университеттерінің онлайн-курстарын оқып үйрену

Ары қарай оқу >>

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының студенттері мен оқытушылары коронавирусқа қарсы күресті қолды жууға шақырды.

21.04.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының студенттері мен оқытушылары коронавирусқа қарсы күресті қолдауға шешім қабылдады және қолды жууға шақырды.

https://www.youtube.com/watch?v=Y06agdjzYEM

Ары қарай оқу >>

КАРАНТИНДЕ – 100 КІТАП!

21.04.2020

Қазіргі уақытта ҚазҰУ студенттері алдыңғы қатарлы сандық білім беру технологияларын қолдана отырып қашықтықтан білім алуда. Жаңа жағдайларда өздігінен білім алу ерекше өзектілікке ие болып, студенттер білім мен біліктіліктерінің басым бөлігін бүгінде тегін қолжетімділігі кең етек жайған ашық интернет-көздерінен, порталдар мен білім беру ресурстарынан алуда. Өкінішке орай, қазіргі таңда кітап өзге жоғары технологиялық ақпарат құралдарына қарағанда өз мәртебесін біршама жоғалтуда. Дегенмен, оның ең басты қызметі – ғасырлар бойы жинақталған білім мен тәжірибені сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу өзекті болып қала бермек, сондай-ақ ол технологиялардың дамуына қарамастан адам мен қазіргі заманғы қоғамның дамуындағы аса маңызды буын.

«100 кітап», «Айналаңды нұрландыр» сынды университеттік жобалар жастардың азаматтық және рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлкен үлес қосуда. Кітап оқуды танымал ету мақсатында кафедра кураторлық сағаттар, әдеби кездесулер мен шығармалардың танымал авторларымен арнайы кештер өткізілуде. Карантин кезінде бұл шаралар онлайн режимінде өтуде. Ең белсенді студенттер жалпыуниверситеттік «Жыл оқырманы» байқауына қатысады.

Ары қарай оқу >>

25.09.2019 жылы Mammoth the Lider in customs HVAC өкілдерімен кездесу өткізілді.

21.04.2020

25.09.2019 жылы Mammoth the Lider in customs HVAC өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен жұмысқа орналасу жағдайы айтылды. Студенттер Mammoth the Lider in customs HVAC жұмыс принциптері мен мақсаттарымен танысты. Бос орындар ұсынылды және бос орындарға байқау өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Экологиялық құқық бойынша, «Grata» заң фирмасы» ЖШС Лейла Махметова Қонақтақ лекциясы

19.04.2020

«Grata» заң фирмасының экологиялық құқық департаментінің директорың қенесшісі Лейла Махметовамен əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының студенттері арасында кездесу өтті.

Кездесуде мына сұрақтар талқыланды:

1) Сот практикасындағы негізгі тенденцияларға шолу
2) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жобасында көзделген қалдықтарды басқаруды құқықтық реттеудегі өзгерістерге шолу.

3. Білікті заңгерлердің тапшылығыт жəне себептері

4. Бұл бағытта ағылшын жəне қазақ тілдерінің рөлі қандай.


Ары қарай оқу >>

16 наурыздан бастап ҚазҰУ қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.

17.04.2020

с 16 марта по 15 апреля введено чрезвычайное положение (ЧП).  Коронавирусты инфекцияның алдын алу және ескерту мақсатында (COVID-19) әл-Фараби елдегі алғашқылардың бірі болып, бірінші аптада алдыңғы қатарлы сандық білім беру технологияларын қолдана отырып, нақты дистанциялық сабақтарды ұйымдастыра алды. 16 наурыздан бастап әл-Фараби ҚазҰУ-да сабақтар  онлайн-форматта өтеді. Бұл барлық оқу түрінің студенттеріне қатысты. Университеттің электронды ақпараттық-білім беру ортасы үйреншікті аудиторияны алмастырды. Көптеген студенттер мен оқытушылар үшін бұл жаңалық, және олар онлайн-оқыту үшін платформалар әлемінде жылдам бағдарлануға тура келді.

Ары қарай оқу >>

Факультет деканы, з.ғ. д., профессор Д. Л. Байдельдиновті 60 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз

14.04.2020

Құрметті Дәулет Лайкович! Сіздерді айтулы мерейтоймен-Туған күніңмен құттықтаймын!Сіздердің барлық еңбектеріңіз жоғары мектеппен байланысты болды, онда сіздің білім беру ұйымдастырушы, ғалым ретіндегі таланттарыңыз ашылды. Тамаша педагогикалық қабілеттер, университет жетістіктеріне шынайы қызығушылық, мақсаткерлік пен іскерлік, қайырымдылылық, әр оқушының бойында заң ғылымын ұстанатын рухты тәрбиелеуге ұмтылу әріптестеріңіздің және сіздің ізбасарларыңыздың арасында терең құрметке ие болды. Сіздер ғылыми әлемде үлкен беделге ие және Қазақстанның заң ғылымының дамуына үлкен үлес қосатын ондаған ғалым - кандидаттар мен ғылым докторларын даярлап отырсыздар. Бүгін біз үшін Сіз жас Қазақстан Республикасының зиялы өкілдері - жігерлі, мақсатқа ұмтылған, өз ой-пікірлеріңізді өмірде іске асыруға қабілетті жас Қазақстан Республикасының өкілдерін бейнелейсіз.Осы тамаша мерейтойда сіздердің университеттеріңізге, сіздің отбасыңызға, жақындарыңызға бақыт, денсаулық, игілік және өркендеу тілеймін!

Ары қарай оқу >>

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ПОҚ онлайн-режимде отырыс өткізді

14.04.2020

14.04.2020Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ПОҚ онлайн-режимде отырыс өткізді
2020 жылдың 14 сәуірінде коронавирус індетіне байланысты елдегі төтенше жағдайдың жариялануына байланысты онлайн-режимде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының кезекті отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>