ЖАҢАЛЫҚТАР

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

08.04.2021

08.10.2021 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультеті, Кеден,қаржы және экологиялық құқық кафедрасында Халықаралық “Фараби әлемі” атты ғылыми конференциясы онлайн форматта өткізілді. Конференцияға студенттер, оқытушылар және қос дипломдық білім беру бағдарламасы “Теңіз және энергетикалық құқық” мамандығының магистранттары қатысты. Конференцияға қатысушы жас ғалымдар өздерінің баяндамаларын қорғап, тақырыптарын ортаға салды. Баку мемлекеттік университетінен әзірбайжандық магистранттармен Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы теңіз және энергетикалық құқық саласының дамуы мен құқықтық жағдайы талқыланып, жас ғалымдарға бағыт бағдар берілді.

Ары қарай оқу >>

«COVID19: ОБЩЕЕ ВЛИЯНИЕ НА КАЗАХСТАН. ВАКЦИНАЦИЯ КАК РЕШЕНИЕ ДАННОЙ ПРОБЛЕМЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЭДВАЙЗЕРЛІК САҒАТ

10.03.2021

2021 жылы 10 наурызда «Covid19: общее влияние на Казахстан. Вакцинация как решение данной проблемы» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді. Ұйымдастырушылар «Юриспруде́нция» мамандығының 4 курс студенттері, топ эдвайзері Ережепқызы Р. вакцинация мәселесін, оның жалпы мағынасында мәнін түсіну бағытында талқылаулар жүргізді. Сонымен қатар бүкіл әлемдегі, атап айтқанда, Қазақстан қалаларындағы науқас адамдардың статистикасына көп көңіл бөлінді.  Вирус жоғары жылдамдықпен мутацияға ұшырайтындықтан, студенттер вакцина жасау кезеңдеріне және олардың болашақта тиімділігіне қатысты маңызды сұрақтарды көтерді.

Ары қарай оқу >>

Қорғау 2021 жылғы 30 қаңтарда сағат 14:00-де он-лайн онлайн түрінде өтеді.

31.01.2021

«6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Рашева Гүлнұр Қойшынқызының «Фитосанитарлық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері (Ұлттық және халықаралық тәжірибе)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

 

Ары қарай оқу >>

12.10.2020 жылы сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы

15.01.2021

12.10.2020 жылы сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы "ҚР Ұлттық Банкі"РММ Заң департаментінің халықаралық мәселелер бойынша құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы және студенттермен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер ББ мазмұнымен танысты, сондай-ақ жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, білім алушылар ҚР ҰБ кадр саясаты және жұмысқа қабылдау тәртібі туралы хабардар етілді.

Ары қарай оқу >>

18.11.2020 жылы сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы

15.01.2021

18.11.2020 жылы сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы 3-4 курс студенттерімен және Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша МКБ қызметкерлерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер МКБ органдарының жұмыс барысымен танысты, сондай-ақ жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, білім алушылар ҚР МКД кадр саясаты және болашақ қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы хабардар етілді.

Ары қарай оқу >>

Бірлесе отырып Ізгілік елшісі волонтерлік қозғалыс шеңберінде іонлайн режимде заң көмегін көрсету бойынша заңгерлер студенттеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

21.12.2020

21.12.2020 жылы 19.30. (Нұрсұлтан уақыты) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Заң клиникасы info@kaznu.kz Д.А. Қонаев Еуразия заң академиясының заңклиникасымен https://www.vuzkunaeva.kz/index.php/ru/ ) бірлесе отырып Ізгілік елшісі волонтерлік қозғалыс шеңберінде іонлайн режимде заң көмегін көрсету бойыншазаңгерлер студенттеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының студенттері үшін 2020-21 қысқы сессиясының қорытынды бақылауынан өту технологиясы бойынша білім алушыларға арналған түсіндірме-вебинар

21.12.2020

21.12.2020 жылы Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының студенттері үшін 2020-21 қысқы сессияның қорытынды бақылауын өткізу технологиясы бойынша білім алушыларға түсіндірме  вебинар өтті

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ мен БМУ оқу бағдарламаларындағы теңіз және энергетика құқығы" атты оқу-әдістемелік дөңгелек үстел өткізді.

15.12.2020

Құрметті әріптестер мен студенттер!

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасы Баку мемлекеттік университетінің заң факультетімен бірлесіп, 2020 жылдың 15 желтоқсанында "ҚазҰУ мен БМУ оқу бағдарламаларындағы теңіз және энергетика құқығы" атты оқу-әдістемелік дөңгелек үстел өткізілді.

Ары қарай оқу >>

3-4 курс студенттерімен және Алматы облысы бойынша МКБ қызметкерлерімен онлайн-кездесу өткізді

29.09.2020

25.09.2020 жылы сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы 3-4 курс студенттерімен және Алматы облысы бойынша МКБ қызметкерлерімен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер ББ мазмұнымен танысты, сондай-ақ жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, білім алушылар ҚР МКК кадр саясаты және болашақ қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы ақпараттандырылды.

Ары қарай оқу >>