2020 жылдың 6-9 сәуір аралығында өткен «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы онлайн
10.04.20202020 жылдың 6-9 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, соның ішінде заң факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» конференциясы болып өтті. Жыл сайын тұрақты түрде өтетін конференцияның биылғы жылы екі ерекшелігі болды. Біріншіден, конференция әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы құрметіне арналды. Биылғы жылғы студенттік ғылыми конференцияның екінші ерекшелігі – оның онлайн форматында өтуі болды. Өздеріңізге белгілі, әлемді коронавирус індеті жайлап отырған жағдайда, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын. Осыған байланысты басқа да оқу орындары сияқты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да қашықтықтан оқыту форматына өтіп, тек сабақтар ғана емес, барлық басқа да шаралар осы форматта өткізілуде. Осы орайда, дәстүрлі «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдар ғылыми конференциясы да онлайн-конференция форматында ұйымдастырылды.






