Мерейлі 60 жас

20.09.2024

Көрулер: 218

Журналистика факультетінің ұжымы Ғылыми Кеңесте Серiк Мейрамбекұлы Жанболатты мерейлі 60 жасқа толуымен құттықтады.

Шара барысында Журналистика факултетінің деканы Қанат Әуесбайұлы мерейтой иесінің қазақ телевизиясында атқарған қызметіне тоқталып өтті.

2024-2025 жаңа оқу жылынан бастап Серік Жанболат «Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істей бастады.

Айта кетейік, Серік Жанболат 1989 жылы Қазақ республикалық телевизиясының «Жастар» бағдарламасы редакциясына редакторлық қызметке қабылданды.

1993 жылы «Мұрагер» шығармашылық бiрлестiгi бас редакторының орынбасары болып тағайындалды. Сол кездерi бұл бiрлестiк «Әншi балапан», «Сиқырлы қазан», елiмiздегi бiрiншi телерадиомарафон сияқты жобаларды дүниеге әкелдi. Ал Серiк өзi «Жiгiттiң сұлтаны», «Үкiлi үмiт», «Тайбурыл» ат спорты және «Қазақтың Қажымұқаны» сияқты тағы басқа да тележобалардың авторы және ұйымдастырушысы болды.

1996 жылы Қазақ теледидарын нарыққа бейiмдеу шарасы жасалып, «Бағдар» (түнгi ойын-сауық клубы) студиясы құрылды. «Бағдар» студиясының бас редакторының орынбасары болып бекiтiлдi. 1997 жылы «Ақшам» ақпарат бағдарламасының редакторы, «Гала» ТВ студиясы НЭП бағдарламасының жүргiзушiсi әрi тілшісі қызметiн атқарды.

1998 жылы «Хабар» агенттiгiнiң «Сәлем, Қазақстан» таңғы ақпараттық-сауық бағдарламасының продюсерi қызметiне қабылданды. Сол жылы ақпараттық бағдарламалар дирекциясына жүргiзушi, продюсер, «Жетi күн» ақпараттық-сараптау бағдарламасының редакторы әрi жүргiзушiсi қызметтерiн атқарды.

2004 жылдың басында қазақ баспасөзі тарихында тұңғыш рет күнделікті ақпарат таратататын «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетiнiң іргетасын қалап, ұйымдастырып, жарыққа шығарды. «Айқын» газеті еліміздегі баспасөз айдынынан өз орнын ойып тұрып алған белді басылымға айналды. Сонымен қатар «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Көкпар» пікірталас бағдарламасын жүргізіп, еліміздегі өзекті мәселелерді қозғады.