"МАЗМҰНДАМА" баспасы
Көрулер: 1308
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы 2022 жылдың 27-қыркүйегінде «Мазмұндама» баспасы қызметкерлерін қонаққа шақырды. Аударма жайында студенттер тек оқытушыны тыңдай бермей, арасында нақты әр саланың мамандарын да біле жүргендері пайдалы болғандықтан, бұл шеберлік сабағына Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының әр курстағы студенттері жиналды.
«Мазмұндама» баспасының бас редакторы Баян Хасанова баспаның бағыты, ашылғалы бергі аударылған, саммари жасалған кітаптар, қайтып басылып шығып жатқан классик жазушылардың кітаптары туралы әңгімеледі. Студенттер бірқатар қызықты сұрақтар қойды. Аударма бойынша, баспа менеджменті, тарату мәселелеріне қатысты бүгінгі күннің талап, сұранысы жайлы сұрақтарына толымды жауап алды.
«Мазмұндама» баспасының ағылшын тілін жетік білетін студенттеріне тапсырыспен кітап аудартатын мүмкіндігі бар болғандықтан, студенттерді атсалысуға шақырды.
Сөз соңында Баян Хасанова «Қандай кітаптардың қазақшаға аударылғанын қалайсыздар?» деген ұсыныс айтып, біраз жауаптарды қойын дәптеріне жазып алды. Кейбір студенттер баспаға барып жұмыс істеуге қызығушылық танытты. Редактор баспаға келіп, сұқбаттасудан өту қажеттігін айтты.






