Ұлттық кітаптану мәселелері: тарихы және бүгінгі жағдайы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы 2024 жылы 14 қарашада филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Елеукеновтің туғанына 95 жыл толуына орай «Ұлттық кітаптану мәселелері: тарихы және бүгінгі жағдайы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысына республиканың жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының белгілі ғалымдары, баспалардың, дизайнерлік, мәдени орталықтардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысады.

 

Конференцияда мынадай мәселелер талқыланады:

Секция 1. Қазақ кітабының эволюциясы: тілі, стилі, жанры

Секция 2. Цифрлық дәуірдегі кітап ісі және баспагер-маман даярлау мәселесі

Секция 3. Баспа ісіндегі дизайнның ролі

Секция 4. Ш.Елеукеновтың ғылыми және шығармашылық мұрасы

 

Конференцияның салтанатты бөлімінің басталуы сағат 11.00-де «әл-Фараби» кітапханасының 409 залында, секциялар бойынша жұмыс сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін журналистика факультетінің 201,218 аудиторияларында өтеді.

Мақала қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Конференция аясында жасалған баяндамалар конференцияның мақалалар жинағында жарияланады.

Мақалаға қойылатын талаптар: Қарпі: Times New Roman және KZ Times New Roman, кеглі: 14, интервал аралығы: 1, барлық өрістері: 20 мм. Мақала көлемі: 6-10 бет.

Мақалаларды жазу барысында автор төмендегідей жоспарды ұстану қажет:

- автордың аты-жөні;

- мақаланың атауы бас әріппен;

- әдебиеттер тізімі тікжақшада әдебиеттер тізіміндегі автордың еңбек нөміріне сәйкес қойылады;

- мақаланың астында автордың қолы қойылу керек, толық тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, байланыс телефоны ұсынылуы керек;

- мақала мәтіні мұқият өңделіп, жіберілуі керек;

- мақаланың мазмұнына авторлар жауапты;

- рәсімделуі көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және тақырыбы дұрыс ашылмаған мақалалар жарияланбайды.

 

Конференцияға қатысуға мүдделі зерттеушілер баяндама мәтінін 2024 жылдың 30 қазанынан кешіктірмей kaznu.baspa_design@mail.ru электрондық поштасына жіберуі керек.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті.

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Рамазан  

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары – Н.Тілеубаева

тел.: +7707-766-16-53

Басылым күні :  03.11.2024