АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2022 жылдың 7-ақпанында сағ.15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (әл-Фараби кітапханасы, №409 конференц-зал) ақын, ғалым, баспагер, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі Көпбаев Темірғали Мұратбекұлының туғанына 60 жыл толуына арналған «Баспагерлік-редакторлық шеберлік және кітап шығару ісінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн және офлайн форматта (аралас) өтеді.

         Сонымен қатар Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы конференция аясында жинақ әзірлейді. Жинақтың тақырыптары төмендегідей үш секциядан тұрады:

1-секция: Темірғали Көпбаев – ақын, ғалым, баспагер, ұстаз;

2-секция: Отандық баспа ісі: жаһандық үрдістер мен ұлттық тәжірбиелер;

3-секция: Қазақстандық кітаптану ғылымының өзекті мәселелері. 

 

Жариялауға қойылатын талаптар:

1. Мақала мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде және MS Word бағдарламасында дайындалуы керек.

2. Парақтың параметрлері: барлық шеттері 2 см.

3. Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, өлшемі-14.

4. Жоларалық интервал - 1. Параграф: 1,25 см.

5. Сілтемелерді пайдалану арқылы дереккөзді анықтауыңыз керек. Сілтемелер мәтіннің соңында үлгі ережелеріне сәйкес жасалуы керек. Мәтінде әдебиеттерге сілтемелер сілтеме тәртібінде нөмірленуге сәйкес «шаршы» жақшаға ілінуі керек. Мысалы: [1, 17].

            Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын kaznu.baspaisi@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.

Редакциялық алқа баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады. Жинаққа мақаланы 2022 жылдың 25 ақпанына дейін келесі формада жіберу керек:

 

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

1. Тегі, аты (толық) _____________________________________________________

2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________

3. Мекеме, лауазым _______________________________________

4. Мекен-жайы ____________________________________________________

5. Телефон (халықаралық теру кодымен, ұялы телефонмен) _______________________________________________________

6.Э-пошта ________________________________________________________

7. Мақаланың тақырыбы ___________________________________________________

 

   Р.S.: конференцияның   Zoom-дағы сілтемесі:

Конференция идентификаторы: 864 0345 9240

Код: kaznu2022

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті.

Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Рамазан  тел.: +77272211405, ұялы тел.: +77761180847

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Сләмғажы, тел.: +77073833879

Жетекші маман М.Альмухамбетова, тел.: +77075358455

Басылым күні :  26.01.2022