МКМ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚР ҰИА АКАДЕМИГІ УӘЛИХАН СЕЙДІЛДАҰЛЫ ӘБДІБЕКОВТЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

 2020 жылдың 29 желтоқсанында механика-математика факультетінің қабырғасында Ғылыми кеңес өтті. Ғылыми кеңесте МКМ кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д, ҚР ҰИА академигі Абдибеков Уалихан Сейдилдаевичты салтанатты түрде құттықтады.

 Ғылыми кеңестің отырысына механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Даурен Бакытбекұлы, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы, деканның оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Каруна Оксана Леонидовна және МКМ кафедрасының меңгерушісі Исахов Алибек Абдиашимович қатысты. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы У.С.Абдибековты құттықтады.

 Уалихан Сейдилдаевичке зор денсаулық және жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!

Басылым күні :  05.01.2021