ПРОФЕССОР ХАДЖИЕВА ЛЕЛЯ АЗРЕТОВНАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫМЕН САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ

 2020 жылдың 27 желтоқсанында механика-математика факультетінің қабырғасында Ғылыми кеңес өтті. Ғылыми кеңесте МКМ кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.д Леля Азретовна Хаджиеваны салтанатты түрде құттықтады.

 Ғылыми кеңестің отырысына механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Даурен Бакытбекұлы, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы, деканның оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Каруна Оксана Леонидовна және МКМ кафедрасының меңгерушісі Исахов Алибек Абдиашимович қатысты. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Л.А.Хаджиеваны құттықтады.

 Леля Азретовнаға зор денсаулық және жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз!

Басылым күні :  28.12.2020