Академик Ш.С.Смағұлов атындағы №324 дәрісханасының салтанатты ашылуы

 2020 жылдың 12 желтоқсан күні Механика-математика факультеті, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында академик Смағұлов Шалтай Смағұлұлы атындағы №324 дәрісханасының салтанатты ашылуы өтті.

 Ашылу салтанатына ҚазҰУ ректоры, т.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Мұтанов Ғ.М., ф.-м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Қалимолдаев М.Н., ф.-м.ғ.д., профессор Қалтаев А. Ж. және Академик Ш. С. Смағұловтың інісі қатысты. Ашылу салтанатына академик Смағұловтың жұбайы және жақын туыстары, ф.-м.ғ.д., профессор Бектемесов М.А., т. ғ. д., профессор Қыдырбекұлы А.Б., т. ғ. д. Ахмед-Заки Д. Ж., Механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Д. Б. және Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Урмашев Б. А. шақырылды.

 Рәсім ZOOM, YouTube және Facebook платформаларында онлайн режимінде өтті.

Басылым күні :  15.12.2020