ЖШС «BRIS-Строймонтаж» -да өндірістік тәжірбе

Төртінші курс студенттері арасында әр жыл сайынғы міндетті өндірістік практика барысында студенттер  «BRIS-Строймонтаж» компаниясында тәжірбиеден өтті.

"BRIS-Строймонтаж" компаниясы арка үлгісіндегі қаңқасыз ангарларды салумен, металл құрылымдары мен технологиялық жабдықтарды жасап, құрастырумен, сэндвич-панельдермен және профлистпен шатырын және қабырғаларын орнату бойынша қызмет көрсетумен айналысады. Аталған компанияға механика-математика факультетінің студенті Оразбек Арайлым практикалық тағылымдамаға шақырылды. Тәжірибе барысында студент компанияның ішкі жұмыс бағдарламасын меңгеріп, ІТ саласы бойынша баға жетпес практикалық машықтарға ие болды. Алынған білім ашық презентация барысында ХҚМ кафедрасында жоғары бағаланды. Ал алған коммуникабельділік және күйзеліске төзімділік сияқты дағдылар білім алушының болашақ жұмыс орнында толық әлеуетін іске асыруға көмектеседі.

Басылым күні :  17.03.2020