"Halyqsoft" ЖШС-де студенттердің практикалық дағдыларын меңгеру

Механика-математика факультетінің бакалавриат студенттері жаңа білім алуға және өздерінің тәжірибелік мүмкіндіктерін кеңейтуге ұмтылады. Осы мақсатта математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының төртінші курс студенттері (Кайыргожина А. С., Жугунус А. К., Сатканова Э. Ж.) Алматы қаласында "Halyqsoft" ЖШС IT компаниясының базасында өндірістік тәжірибеден өтті.

Алынған тәжірибенің арқасында студенттер жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерін практикалық қолданумен танысты, SQL құралдары бойынша ақпараттың үлкен көлемін өңдеуді үйренді, сондай-ақ жұмыс процесінің құрылымы мен ұйымдастырылуымен танысты.

Басылым күні :  17.03.2020