"BestProfi " ЖШС студентінің өндірістік тәжірибесі

Өндірістік-тәжірибе базасы Алматы қаласы, “BestProfi” ЖШС-да өндіріс өкілі Б.Т Усенбаева мен студент А. Джайназарова арасында кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты-болашақ маман ретінде аталған мекеменің материалдық-техникалық базасымен, өндіріс ұжымымен және де олардың міндеттерімен, құқықтарымен танысу болды.


Джайназарова А: "Тәжірибе барысында жоспарланған жоба жасау жүйелі түрде жүргізілді, яғни әрбір теориялық білімнен кейін сол теорияға байланысты тәжіриебеде программалық кодтар жазу бірден қолданылды. Жобаны Spring MVC платформасында жасауда меңгере бастадым, және де алған білімімді ары-қарай ұштауға тырысамын. Бұл бағытта жұмыс жасау қызық болды. Осы өндірістік-тәжірибе барысында жинақтаған білімім болашақта маман болып қалыптасуымда сөзсіз өз үлесін қосады деп сенемін."

 


 


Басылым күні :  12.03.2020