Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының түлегі Forbes журналында

 

 2020 жылы Forbes Kazakhstan «30 моложе 30» рейтингінің қатысушысы, механика-математика факультетінің МКМ кафедрасының түлегі, 27 жастағы Айбек Қуатбаев Шымкенттің іргесіндегі Киелітас ауылында дүниеге келген. Бала кезінен бастап ол білімге құмар болды, ғалым болуды армандады. Алайда, қалалық балалар алатын білім деңгейіне қол жетімділік болмады: ол кітап алу үшін Шымкентке баруға мәжбүр болды. Айбек жетінші сыныпты бітірген кезде ата-анасы ұлының ғылымға деген қызығушылығын дамыту керек екенін түсінді. Олар оны Шымкенттегі дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатына жіберді. Айбек пен оның досы Нұрбақыт Жұлдызбайұлы 2019 жылы онлайн-білім беру платформасын іске қосқанда, оны осы мектептің атымен атайды - Daryn.online.

Басылым күні :  13.05.2021