Университеттік «100 кітап» жобасы

 

Жалпы және бейорганикалық кафедрасында «5В011200 - Химия» мамандығы бойынша  білім алатын 3 курс студенттері (304 топ)  мен кураторы Тугелбаева Л.М.-нің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23 ақпанында университеттік «100 кітап» жобасы аясында М.Мақатаев туылған күніне орай «Бүгін менің туған күнім!» атты ашық куратор сағаты Microsoft Teams жүйесін қолдана отырып өткізілді. Мұнда студенттердің дайындауында ақиық ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы слаидтар көрсетіліп, өлеңдері оқылды. Кафедра аға кураторы Мылтықбаева Л.К. қатысуымен ақын өлеңдерінің маңызы мен тірбиелік мәні туралы ой қозғалды.

 

Басылым күні :  24.02.2021