ҚазҰУ–мен бірге жарқын болашаққа

 

Химия және химиялық технология факультетінде кәсіптік бағдарлау бағыты аясында «ҚазҰУ – мен бірге жарқын болашаққа» атты Алматы қаласы оқушыларымен онлайн кездесу өтті. Кездесуге «Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия», «№130 І. Жансүгіров атындағы мектеп гимназия», «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі», «№5 мектеп гимназия», «жалпы білім беретін № 17 мектеп – интернаты», «Абай атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты», «№25 гимназия», «Республикалық физика -математика мектебі» секілді мектептер оқушылары қатысты. Оқушылар факультет құрылымен және де мамандықтар, таңдау пәндері, факультетке қабылдануға қажетті шекті балл көрсеткішімен таныстырылды. Оқушылар өз тараптарынан қойылған сұрақтарға жауап алды.

 

Басылым күні :  23.02.2021