Онлайн-семинар

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің ұжымы Алматы қаласы мектептерінің мұғалімдеріне онлайн семинар өткізді. Семинарда факультет туралы толық ақпарат беріліп, кафедралардың жетістіктері мен алға қойған мақсаттары айтылды. Бакалавриат, магистратура және докторантураға түсу ережелері таныстырылып, ұстаздардың қазіргі мәселелері мен сұрақтары талқыланды. Мұғалімдер үшін `AL-FARABI.KZ` ғылыми-танымдық журналы https://welcome.kaznu.kz/ru/18871/page көрсетілді. Аталмыш журналда оқушылар мен ұстаздар өздеріне қажетті мағлұматтар, есеп шығару әдістері, қызықты химиялық тәжірибелер туралы ақпараттар ала алады. Сонымен қатар пәндік білімді дамытуға арналған факультеттің жетекші оқытушыларының МООК курстары https://open.kaznu.kz/ таныстырылды.

 

Басылым күні :  23.02.2021