№27 гимназияда кафедраның ашық есік күні

2021 жылы 25 қаңтарда Алматы қаласындағы № 27 гимназияда, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасындың ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді. Онда доцент Бейсембаева Л.К. 4 курс студенттерімен бірге 9-11 сынып оқушыларына факультеттің құрылымы мен өмірі, әсіресе бакалаврлар мен магистранттар дайындайтын кафедралар туралы ақпараттар берді.

2020 жылғы қабылдау комиссиясының жұмысының нәтижелері бойынша факультетке бөлінген гранттардың саны, оқуға түсу балы және «Алтын белгі», олимпиада жеңімпаздары және т.б. басымдық берілетін оқуға түсу конкурсы туралы айтылды, Барлық қатысушыларға химия және химиялық технология факультеті туралы жарнамалық материалдар таратылды.

Басылым күні :  28.01.2021