Педагогикалық тәжірибе

 

05.10.2020 жылы сағат 13.30 да «5В011200 - Химия» мамандығы бойынша білім алатын 4 курс студенттерімен (404 топ) Microsoft Teams платформасында педагогикалық тәжірибе өтуде туындайтын мәселелерді шешу бойынша топтың тәжірибе жетекшісі, жалпы және бейорганикалық кафедра доценті Тугелбаева Л.М. онлаин кездесу өткізді. Мұнда ағымдағы мәселелер қарастырылды, бітіру курсы болғандықтан ғылыми жетекшілермен тығыз байланыста болу, әдеби шолу жүргізу және педагогикалық тәжірибе туралы түсініктемелер берілді. Мектеп оқытушыларымен тығыз байланыс орнатылғаны және студенттердің олармен жұмысы талқыланды.

 

Басылым күні :  07.10.2020