Ана тілім – тұғырым
Жалпы және бейорганикалық кафедрасында «5В011200 - Химия» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс студенттері (305 топ) мен кураторы Тугелбаева Л.М.-нің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Тілдер күніне орай «Ана тілім – тұғырым!» атты ашық куратор сағаты Microsoft Teams жүйесін қолдана отырып өткізілді. Мұнда студенттердің дайындауында ана тілі туралы мақал-мәтелдер мен қазақ ақындарының өлеңдері оқылды, сценарий бойынша қазақ әндері шырқалды. Кафедра аға кураторы Мылтықбаева Л.К.-ның ана тілінің, оның ішінде Абайдың қара сөздерінің маңызы мен құдіреті туралы қысқаша әңгімесі тыңдалды.
Басылым күні : 02.10.2020