Кафедраны таныстыру

 

24 ақпанда Химия және химиялық технология факультетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының оқытушы құрамдары жатақханада «Ашық есік» күнін өткізді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты аталған кафедраның оқытушылар мен профессорлардың ғылыми жұмыстарының бағыттарын таныстыра отырып, студенттерге бағыт-бағдар беріп, ғалымға тәрбиелеуге өз үлестерін қосу.

Аталған іс-шарада бірінші кезекте жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының тарихына көңіл бөлінді. Келесі кезекте кафедра оқытушыларының ғылыми-бағыттары және олардың жеткен жетістіктерін видеодан көруге студенттер толықтай мүмкіншілік алды. Пысықтау мақсатында көрсетілген видео бойынша сұрақтар қойылып, жауап берген студенттерге сол оқытушының авторлығымен басылып шыққан оқу құралдары силыққа табыс етілді.

Қорыта келе, кафедраның ашық күнінде студенттер жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы туралы толықтай ақпарат алды және студенттерге осындай таныстырулар жиі өткізіліп тұрған дұрыс деп ойлаймын.

 

Басылым күні :  17.04.2020