Ғылымиметрия бойынша семинар

2022 жылдың 25 қарашасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында Орал федералдық университетінің (УрФУ) ғылымиометрия зертханасының меңгерушісі Акоев Марк Анатольевичтің «Ғылымиметриялық көрсеткіштер контекстінде журнал және ғылыми мақала дайындау» тақырыбында семинары өтті. Семинар барысында WoS деректер базасына енгізілген Халықаралық биология және химия журналын (www.ijbch.kz ) дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық ғылыми журналдарды дайындауда редакторлардың құзыреттілігін дамыту мәселелері талқыланды. Семинарға журналдың бас редакторы профессор Бүркітбаев М.М., жауапты редакторлар Жусупова А. және Назаркулова Ш. қатысты.

Басылым күні :  30.11.2022