Республикалық физика-математика мектебіндегі педагогикалық практика

 

Практикалық жұмыстарды орындау мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты. Мысалы, химиядан практикалық жұмыс химиялық құбылыстарды түсіндіруге жөне бақылау біліктілігін дамытуға; заттарды алуға және ажырата білуге себепші болады; оқушыларды химиялық лабораториядағы жұмыстың қарапайым тәсілдерімен таныстырады; заттармен, химиялық ыдыстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. 

Оқытудың бастапқы сатысында практикалық жұмыстар жаттықтырушы сипатта болады. Жұмыстың күрделілігі біртіндеп өзгереді: оқушылар көп уақыт алмайтын күрделі тапсырмаларды орындауға көшеді. Тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оқушылар практикалық жұмысты өз бетімен жүргізулеріне болады.

Мысалы «6В011200 – Химия»  білім беру бағдарламасы бойынша негізгі оқу жоспарымен оқитын  4 курс студенттері  алған білімдерін шыңдау үшін  педагогикалық практика Республикалық физика –математика мектебінде жүргізілді.

Студенттер практика кезінде тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстар өткізіп, талқылауға және талдауға қатысады. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы

х.ғ.д., доцент  Балғышева Б.Д.

 

Басылым күні :  14.03.2022