Шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламасы бойынша кафедраға белгілі ресейлік ғалым келді

 

Шетел ғалымдарын оқытушылық қызметке тарту бағдарламасы бойынша Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесі, (Новосибирск қаласы) В.С. Соболев атындағы Геология және минералогия институтының аға ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Кох Константин Александрович әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізді.

Кох К.Е. "Nature" журналында екі ғылыми мақаланың бірлескен авторы және жас ғалымдарға арналған Ғылым және инновация саласындағы РФ Президенті сыйлығының лауреаты. Халькогенидті қосылыстарды алу әдістерін дамыту және жоғары технологиялық құрылғылар үшін функционалды кристалдар құру бойынша зерттеу жұмыстарының авторы. Жаңа бейорганикалық қосылыстар алу және сызықты емес оптика және басқа да қосымшалар үшін кристалдар өсіру әдістері саласындағы жетекші ғалымдардың бірі. Оның жұмыстарының маңызды бөлігі қатты фазалық ортада кристалл өсірудің жаңа әдістері мен бейорганикалық кристалдардың өсу процестерінің физика-химиялық қасиеттерін зерттеумен байланысты. Ол жоғары импакт-факторлы журналдардағы 216-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. Оның жұмысының Хирш дәйексөзділік индексі Scopus деректер базасы бойынша 29 құрайды.

Оның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары кезінде жалпы және бейорганикалық химия кафедрасымен бірлесе отырып бейорганикалық материалдардың химиялық технологиясы саласында, атап айтқанда, кристалдарды өсіру эксперименттік қондырғысында жаңа кристалдарды өсіру бойынша зерттеулер жүргізілді. Магистратура және докторантура студенттері үшін консультациялар өткізілді.

 

Басылым күні :  03.12.2021