Химия және химиялық технология бойынша XI Халықаралық Беремжанов cъезді

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде химия және химиялық технология бойынша  19-20 қараша күндері аралығында  XI Халықаралық Беремжанов конгресі өтті. Конгресс жұмысына Қазақстаннан, жақын және алыс шетелден 250-ден астам ғалым қатысты. Пленарлық және секциялық отырыстарда 170-тен астам ғылыми және ғылыми-техникалық баяндамалар тыңдалды. Конгрестің мақсаты – Қазақстандағы химия ғылымы мен химия білімін дамыту үшін университеттерді, ғылыми ұйымдарды және мамандандырылған кәсіпорындарды бір-бірімен байланыстырып, біріктіру.

Секциялық отырыстарда келесі бағыттар бойынша баяндамалар тыңдалды:

• Минералды және техногендік шикізатты өңдеудің заманауи әдістері;

• Іргелі және қолданбалы материалтану;

• Органикалық синтез, өсімдік және көмірсутек шикізатын өңдеу;

• Қазіргі заманғы химия біліміндегі тенденциялар;

• Өнеркәсіп пен экологиядағы заманауи химиялық талдау;

• Қазақстанда тамақ өнімдерін өндіру технологиясының дамуы.

 

Басылым күні :  27.11.2021