Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары марапатталды!

28.02.2023

Көрулер: 663

Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.

Байқауда еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Оқытушыларға қаржылай ынталандырумен қатар төсбелгі де табысталды.

Айта кетелік, 150 оқытушының ішінде "Есептеу ғылымдары және статистика" кафедрасының меңгерушісі, PhD Темирбеков А.Н. бар. Құттықтаймыз!!!