Кафедраның жаңалықтары
Біздің жұлдызымыз!
11.10.2020Жумашев Аян Асылұлын күллі әлемге тараған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің «Ең үздік студенті» атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
https://www.youtube.com/watch?v=RaU6gmXbINo
23.04.2020
«Математика» мамандығының бірінші курс студенттері барлық студенттер мен барлық профессорлық-оқытушылар құрамын қолдау мақсатында "Біз біргеміз" видео түсірді.
https://youtu.be/f9uOAdPkzwE
01.04.2020Математиктер күніне орай «Математика» мамандығының ММ-19-6 тобының студенттері біздің кафедраның оқытушыларына арнап бейне құттықтаулар түсірді. Рахмет балалар!
«Қайырымды жатахана»
27.03.20202020 жылдың 22 ақпанында «Іргелі Математика» кафедрасының ұйымдастыруымен №6 жатаханасында «Қайырымды жатахана» бағдарламасы бойынша сенбілік жүргізілді
3 курстің математик суденттері
25.02.20202020 жылдың ақпан айында «Іргелі Математика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қайырымды студент» бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері 1-ші курс студенттеріне Математикалық анализ және алгебра негіздері пәндерінен қосымша сабақтар жүргізді
жұмыс берушілермен кездесу
13.02.202002/13/2020 Кафедра меңгерушілерімен біздің тікелей жұмыс берушілер болып табылатын «Математика және математикалық компьютерлік модельдеу» ҒЗИ өкілдерімен кездесу өтті. Оған Лондон-Алматы «Сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру компаниясының өкілдері қатысты. Кездесуде ғылым саласындағы одан әрі ынтымақтастық және факультет түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.
18 қаңтар 2020 жылы механика-математика факультетінің Іргелі математика кафедрасының ұйымдастыруымен кафедраның профессоры, ф.-м.ғ.д. М.Б.Сиховтың 60 жасқа толуына байланысты республикалық семинар өткізілді.
25.01.2020Оған республикамыздың әртүрлі аймақтарынан ғалымдар келіп, өз еңбектерімен бөлісті. Семинар соңынада арналған Іргелі математика кафедрасының кеңейтілген мәжілісі болды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық даму жөніндегі проректор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Рамазанов Тлекқабыл Сабитұлы құттықтау сөз сөйлеп мерейтой иесіне «әл-Фараби» атындағы күміс медальмен марапаттады. Кешке Теориялық математика және ғылыми есептеу Институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті іргелі және қолданбалы математика кафедрасының профессоры Темірғалиев Нұрлан Темірғалиұлы, Батыс Қазақстан облысынан осы мерей тойға келген делегацияның басшысы, Батыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Құлшар Мәлік Иманқұлұлы, АҚ «Лондон алматы» сақтандыру компаниясының Басқару төрағасының орынбасары Бекешев Ануар Токенулы, «Қазақстан актуарийлер қоғамының» атынан АҚ «Мемлекеттік кредиттік бюро» дамуды басқару Басшысы Иманбердиев Догдырбек қатысты.
Мен емес-Біз
15.12.201907.12.2019 жылы сағат 16.00-19.00 аралығында Ө.А.Жолдасбеков атындағы Қызыл залда «Іргелі математика» кафедрасы мен «Сұңқар» студенттер ұйымы және магистранттар кәсіптік бюросының 1-ші курстарды таныстыру мақсатында ұйымдастырылған «Мен емес-Біз» атты кеш өткізілді. Кеште концерттік бағдарламалар қойылды. Кештің негізгі мақсаты қайырымдылқ акциясын өткізіп, күрделі науқасқа ұшыраған балаларға қайырымдылық жасалды.