«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауының жеңімпаздары анықталды

20.02.2023

Көрулер: 651

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Республикалық конкурстық комиссия мамандық бойынша үздіктердің үздігін таңдады.

Байқау мұғалім мамандығының беделін арттыру және олардың әрі қарай кәсіби өсуіне ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

Қазақстанның 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Оның ішінде кафедра меңгерушісі Темірбеков Алмас Нұрланұлы да бар.

Жарыстағы лайықты жеңісіңізбен құттықтаймыз! Осымен тоқтап қалмай, әрқашан алға ұмтылып, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! 👏