Механика кафедрасының түлектері өздерінің білім ордасын құттықтауда
11.04.2020Механика кафедрасының түлегі, профессор А.Қалтаевтың шәкірті, PhD докторы Бекбауов Бақберген Ермекбайұлы «Ғылым күні» мерекесі қарсаңында өзінің білім алған ордасы механика кафедрасын 85 жылдық мерейтойымен және «Геоэнергетика» білім беру бағдарламасының 10 жылдығымен құттықтады. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің барлық ұжымына жаңа шығармашылық және ғылыми жетістіктер, әрі қарай үлкен және маңызды істе бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне тілек білдірді!






