Бекзат Аджан - «Болашақ» стипендиясының иегері!

05.12.2019

Көрулер: 1949

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті механика кафедрасының студенті Бекзат Аджан «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды.

Бүгінгі таңда Бекзат Аджан АҚШ Иллинойс штатындағы Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінің магистранты. Ол «Mechanical Engineering» мамандығының «Fluid mechanics & CFD» бағыты бойынша білім алуда.

            Урбана-Шампейндегі Иллинойс университеті Иллинойс университетінің ең ірі кампусы екенін атап өткен жөн. Ол 1867 жылы құрылған. Иллинойс штатындағы біріктірілген Урбана және Шампейн қалаларында орналасқан. Университетте 50 мыңға жуық студенттер мен магистранттар оқиды, 2,5 мыңнан астам оқытушы жұмыс істейді, олардың 11-і Нобель сыйлығының лауреаттары.

Сілтемелер

Инстаграмда https://www.instagram.com/p/B5uoemxlPTc/

ВК https://vk.com/public181736180?w=wall-181736180_24

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.