«Абай – Верн» стипендиясының иегері Зарина Туртаева – Лотарингия университетінің докторанты!

17.03.2020

Көрулер: 2149

Қазіргі уақытта «Абай – Верн» стипендиясының 100 иегерлері Францияда тәлім алып жатыр, олардың 90-ы магистранттар мен 10 докторанттар Қазақстанның түрлі университеттерінің түлектері. Соның қатарында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі, Туртаева Зарина Нанси қаласында орналасқан Лотанрингия Университетінің LEMTA (LABORATOIRE D'ÉNERGÉTIQUE ET DE MÉCANIQUE THÉORIQUE ET APPLIQUÉE) лабораториясында өзінің докторлық диссертациясы бойынша жұмыс жасауда.

LEMTA механика және энергетика саласындағы зерттеулерге бағытталған және келесі бағыттар бойынша зерттеу жұмыстарын атқарады: Қуаттың ауысуы үшін таза және тиімді энергияны қамтамасыз ету; Негізгі әлеуметтік және экологиялық мәселелерге жауап беру; Процестер мен жүйелердегі күрделі материалдардың әрекетін түсіну.

https://drive.google.com/file/d/12GrNW4HyvSfuwPSjzJVJBgGtD3l5wNzy/view?usp=drive_web 

Сілтемелер:

Инстаграм https://www.instagram.com/p/B91HO1dFGn4/

ВК https://vk.com/public181736180?w=wall-181736180_32


Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.