Халықаралық журналистиканы оқыту модельдері іздестірілуде

08.04.2019

Көрулер: 221

   Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық революцияның қарқынды дамуы бұқаралық ақпарат құралдарының мамандарын, әсіресе халықаралық журналистерді оқытуда көзқарасты түбегейлі өзгертуді талап етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен өткізген «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту моделдері» (МТIJ) атты IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция осы көкейтесті тақырыпқа арналды. ЮНЕСКО Алматы Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккаттың, Кластерлік бюроның байланыс және ақпарат жөніндегі маманы Сергей Карповтың, Проректор - Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры, профессор Рафис Абазовтың, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының меңгерушісі, профессор Назгүл Шыңғысованың сөздерінде   халықаралық және аймақтық ұйымдардың қызметін халыққа таныстыратын журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық нормаларын зерттейтін халықаралық журналистиканың түрлі қырлары талқыланды. Журналистік білім берудін әлемдік стандарттары: технологиялық үрдістер және тұрақты даму; медиамәдениет, МАС және ақпараттық қауіпсіздік; БАҚ, гендер және мәдениеттер сұхбаты сияқты конференцияның маңызды бағыттары бойынша медиа-эдьютон: жаңа білімнің инновациялық форматы; отандық білім берудегі халықаралық стандарттар; мамандықтың жаңа көкжиегі: Орталық Азиядағы журналист мәртебесі; медиа орта: медиалық-ақпараттық сауаттылық көрсеткіштері; коммуникацияның жаңа форматтары: ойлау экологиясы; Қазақстан жастарының әлеуметтік желілердегі медиа тұтыну ерекшеліктері; Crowdlearning: идеялар және мүмкіндіктер; тұрақты даму және азаматтық журналистика; медиаконтенттің гендерлік көрсеткіштері: тепе-тендік траекториялары; Workshop: журналистік өңдірістегі гендерлік талдау стратегиялары ; Халықаралық БАҚ және мәдениеттер сұхбаты. журналистік білім берудің әлемдік стандарттары: технологиялық тенденциялар және орнықты даму туралы баяндамалар тыңдалды.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Әженованың, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры Ләйли Ахметованың және КИМЭП профессоры Гүлнар Асанбаеваның баяндамалары ерекше қызығушылық туғызды. Мәселен, Г.Асанбаева заманауи ақпараттық соғыстардың психологиялық қырларын егжей-тегжейлі талдай отырып, заманауи технологиялар бізге жаңа бір құбылысты алып келді, ол - жалған жаңалықтар. Бұл біздерге, журналистерге қойылатын талаптарды арттырады, сыни тұрғыдан ойлауды талап етеді. «Бұл келешекте үлкен маңыз алады. Менің ойымша, біз түбінде ақпаратт тақынының астында қаламыз, сондықтан да біздің маман ретіндегі міндетіміз оқырмандарға көмектесу болып табылады», - деп қорытындылады ғалым.

Оқу бағдарламалары бойынша жасалған осы жолдар авторының баяндамасында Қазақстан үшін жаңа болып табылатын халықаралық журналистика мамандығы бойынша даярланатын болашақ халықаралық журналистер дипломатия негіздерін игеріп, өздері жұмыс істейтін елдің мәдениетін біліп, түсініп, елдер арасындағы қарым-қатынас тарихын ұғынуы керек екендігі атап өтілді. Осыған орай Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің «халықаралық журналистика» бағдарламасы заманауи әлемдік журналистика теориясы мен практикасына еркін игерген мамандарды даярлауға бет бұйрғаны айтылды. Бағдарлама халықаралық қатынастардың қыр-сырын игерген, қазақстандық және шет елдердегі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеуге қажетті білім мен құзыреттілікке ие жоғары білікті журналистерді-тілшілерді, шолушыларды, редакторларды даярлайды. Алған білім, дағды мен қабілет магистратура бағдарламасының түлектеріне шетелдік басылымдарда, халықаралық редакция бөлімшелерінде журналист ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта магистратура бағдарламасының түлектері шетелдік және қазақстандық БАҚ-тарда, теледидар, радиохабарлар редакцияларында, ақпараттық агенттіктерде, онлайн-басылымдарда жұмыс істейді. Ақпараттық және коммуникациялық салаларды жетік меңгерген түлектер сондай-ақ баспаларда, баспасөз қызметтерінде, жарнама агенттіктері және қоғаммен байланыс жөніндегі агенттіктерде еңбек етеді.

Бағдарламаның оқу жоспары халықаралық журналистиканың өзекті мәселелерін: ақпараттық үдерістерді, сыртқы саяси насихатты, саяси талдау технологияларын, заманауи шетелдік радиохабарды және конвергенттік журналистиканы терең зерттеуді қамтиды. Бағдарлама қазіргі заманғы шетелдік БАҚ-тардың ұйымдастырушылық және экономикалық құрылымын, мазмұны мен үлгілерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Халықаралық ынтымақтастық тақырыбына, осы ақпараттық салада мамандандырылған басылымдар мен бағдарламалардың типологиясына, олардың аудиториясының сипаттамаларына, халықаралық ынтымақтастық проблемаларын қамтитын журналистің жұмыс әдістеріне, жанрлар мен әдістер ерекшелігіне ерекше назар аударылады. Шет тілі де зерттеледі - кәсіби цикл пәндерінің бір бөлігі ағылшын тілінде оқытылады.

   Баяндамада Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындары — М.В.Ломономов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мәскеу Халықаралық қатынастар институты (МГИМО-Университет) жарты ғасыр бойы жоғары білікті мамандарды даярлап келе жатқаны атап өтілді. Олардың педагогикалық және ғылыми-әдістемелік тәжірибелерін зерттеп, іс жүзіне асыру ұсынылды.

 

Ж.Бекболатұлы,

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика

және қоғамдық медиа кафедрасы

профессорының м.а.