Жаңалықтар

№124 ЖББМ кәсіби бағдар беру жұмыстары

13.03.2020

      2019-2020 оқу жылына арналған биология және биотехнология факультетінің 5В07100 -«Биотехнология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес 2 аптаға 02.03.2020-14.03.2020 жж. аралығында үздіксіз педагогикалық тәжірибеге №124 ЖББМ-ке апарылды онда студентерді мектеп ережелерімен таныстырып, мектептегі ұстаздармен кездестірді. 4 курс 5В07100 -«Биотехнология» мамандығына жетекшілік еткен Санбаева Б.Ж.


www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«№ 141 ЖББМ» кәсіби бағдар беру жұмыстары

12.03.2020

 

     12.03.2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, биология және биотехнология факультетінің, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы   Малибаева А.Е «№ 141 ЖББМ» – мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

 

www.kaznu.kz  

Ары қарай оқу >>

"Ана - өмірдің шуағы"

11.03.2020

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің тәрбие жоспарына сәйкес Биофизика және биомедицина кафедрасының PhD докторы Ж.Абдрасулова, доцент Тусупбекова Г.А. және «7М01504-Биология» мамандығының магистранттары А.Аманкелдиева, А.Кеңшілік, Р.Қалиекпер ұйымдастыруымен 6.03.2020 күні сағат 14.00-де №331 аудиториясында «Ана-өмір шуағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. «Ана-өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағаты 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған. Ана-барлық өмірдің бастауы. Әйел адам бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

Ашық тәрбие сағатында кафедраның ұстаздар қауымы қатысып, концерттік бағдарламаны тамашалады. «5В011300-Биология» мамандығының ББП-17-02,04 топ студенттері қатысып, өнерлерін ортаға салды.

 

Абдрасулова Ж.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«№ 134 лицейіне» кәсіби бағдар беру жұмыстары

10.03.2020

 

 10.03.2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, биология және биотехнология факультетінің, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы   Малибаева А.Е ««№ 134 лицей» оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Ата-ана үміті сендер – жас ұрпақ»

09.03.2020

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің тәрбие жоспарына сәйкес Биофизика және биомедицина кафедрасының PhD докторы Ж.Абдрасулова және «7М01504-Биология» мамандығының магистранттары А.Аманкелдиева, А.Кеңшілік, Р.Қалиекпер ұйымдастыруымен 5.03.2020 күні сағат 12.00-де №428 аудиториясында «Ата-ана үміті сендер-жас ұрпақ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. «Ата-ана үміті сендер-жас ұрпақ» атты ашық тәрбие сағаты Ұлы Абайдың «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,-деген сөзінен басталды.

«Бұтағымен ағаш сымбатты, ұрпағымен адам қымбатты» деген қазақ мақалында даналық сыр бар. Ата-бабаларымыз осы қағиданы берік ұстаған. Ұрпақ жалғастығын, үбірлі-шүбірлі болуды, өмірдің мақсаты, мұраты санаған. Саналы, зерделі перзент тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен.

Ашық тәрбие сағатына «5В011300-Биология» мамандығының ББП-17-02,04 топ студенттері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

 

Абдрасулова Ж.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

"Шығыстың ғұламасы – Әбу-Насыр әл-Фараби"

05.03.2020

5 наурыз 2020 жылы биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында ғалым-философ Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Шығыстың ғұламасы – Әбу-Насыр әл-Фараби» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр Әл – Фарабидің өмір жолдары туралы бейнежазба көрсетіліп, студенттердің арасында топтық жұмыс орындалды. Шара барысында 3 курс студенті Серік Алтынай Мухатр Шахановтың «Арман» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Аталған іс-шараны биофизика және биомедицина кафедрасының доценті Абылайханова Н.Т. және кафедра оқытушылары Есенбекова А.Е., Сайдахметова А.Қ., Үсіпбек Б.А. ұйымдастырды.

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Абай Құнанбайұлына 175 жыл

03.03.2020

Биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзері А.Н. Қожахметова ақпан айының 28 жұлдызында №7 жатақханада «Абай Құнанбайұлына 175 жыл»  атты іс-шара өткізді. Шара барысында студенттер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін оқып, тәрбиелік мән мағынасын түсіндірді.

 

Қожахметова А.Н.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

"Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды"

02.03.2020

27 ақпан 2020 жылы сағат 18:00 мен 19:00 аралығында № 7 студенттер үйінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биофизика және биомедицина кафедрасының доценті Абылайханова Н.Т. және кафедра оқытушылары Есенбекова А., Сайдахметова А., Үсіпбек Б. "Қайырымды қоғам" жобасы аясында биология және биотехнология факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды" тақырыбында танымдық дәріс оқылды. Бұл дәрістен студенттерге берер мағлұмат мол болды.

 

   Абылайханова Н.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасы меңгерушісіінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, доцент

Есенбекова А., Сайдахметова А., Үсіпбек Б.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылары

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

"Тарих, археология және этнология факультетінің студенттерімен кездесу"

02.03.2020

"Қайырымды қоғам" жобасы аясында 27 ақпан 2020 жылы сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы тарих, археология және этнология факультетінің студенттерімен кездесу өткізіп, "Қайырымдылықтың физиологиялық негіздері" тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Кездесуді тарих, археология және этнология факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы ашып берді.

Дәріс барысында Сұлтан Төлеуханұлы Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі екендігін, қазіргі уақытта жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде қайырымдылықтың мәні, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға мейірімділік, өнегелілік тұрғысынан қараудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары көзқарастары» атты трактатында: «Әрбір адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін беретін, бір-біріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғана табиғатына сай жетілу дәрежесіне ие бола алады. Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырымды болмақ», – деп жазып көрсеткен болатын.

 

 

Төлеуханов С.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі,

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушыcы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

№12 гимназия мектебіне кәсіби-бағдар беру жұмыстары

02.03.2020

      2019-2020 оқу жылына арналған биология және биотехнология факультетінің 5В07100 -«Биотехнология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес 2 аптаға 02.03.2020-14.03.2020 жж. аралығында үздіксіз педагогикалық тәжірибеге №12 гимназия мектебіне апарылды онда студентерді мектеп ережелерімен таныстырып, мектептегі ұстаздармен кездестірді. 4 курс 5В07100 -«Биотехнология» мамандығына жетекшілік еткен Тусупбекова Г.А.


www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>