"Ана - өмірдің шуағы"

11.03.2020

Көрулер: 1909

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің тәрбие жоспарына сәйкес Биофизика және биомедицина кафедрасының PhD докторы Ж.Абдрасулова, доцент Тусупбекова Г.А. және «7М01504-Биология» мамандығының магистранттары А.Аманкелдиева, А.Кеңшілік, Р.Қалиекпер ұйымдастыруымен 6.03.2020 күні сағат 14.00-де №331 аудиториясында «Ана-өмірдің шуағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. «Ана-өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағаты 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған. Ана-барлық өмірдің бастауы. Әйел адам бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.

Ашық тәрбие сағатында кафедраның ұстаздар қауымы қатысып, концерттік бағдарламаны тамашалады. «5В011300-Биология» мамандығының ББП-17-02,04 топ студенттері қатысып, өнерлерін ортаға салды.

 

Абдрасулова Ж.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

 

www.kaznu.kz