Жаңалықтар

Тәрбиелі ұрпақ – ұлт болашағы

28.02.2020

Биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзерлері Қожахметова А.Н., Кулбаева М.С., Сраилова Г.Т., және студенттері «Тәрбиелі ұрпақ – ұлт болашағы»  атты іс-шара өткізді.

Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екені баршамызға белгілі. Сондықтан жастарды ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында бұл іс-шара 27.02.2020 ж., сағат 15.00-де, 435 аудиторияда ұйымдастырылды.

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы

27.02.2020

Құрметті студенттер және жас ғалымдар!


Сіздерді 2020 жылдың сәуір айының 7-8 күндерi әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде өтетін, студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар шақырылады.

 

Конференцияда алғаш рет 9–11 сынып оқушыларына арналған «Ғылымға бастама» секциясы ұйымдастырылады.

 

Сіздерді конференцияда күтеміз!

 

Ұйымдастыру комитеті

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Smart Green House жылыжайына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттарына экскурсия жүргізілді

25.02.2020

2020 жылдың 25 ақпанында биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы, PhD Әлібек Ыдырысұлы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен академиялық мобильділік бойынша келген магистранттарға Жасыл технологиялар орталығына, Smart Green House жылыжайына экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында магистранттар жылыжай жағдайында өсімдіктерді өсіру технологияларымен танысты.

Ыдырыс А.,

Малибаева А.Е.,

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылары

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицей» КММ кәсіби бағдар беру жұмыстары

21.02.2020

 

 

21.02.2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, биология және биотехнология факультетінің, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы   Малибаева А.Е «Б.Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицей» КММ – мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

"Мейірімділіктің физиологиялық негіздері"

20.02.2020

20 ақпан 2020 жылы сағат 18:00 мен 20:00 аралығында № 7 студенттер үйінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы "Қайырымды қоғам" жобасы аясында биология және биотехнология факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында профессор С.Т. Төлеуханов студенттерге "Мейірімділіктің физиологиялық негіздері" тақырыбында танымдық дәріс оқыды.

 

Төлеуханов С.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі,

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушыcы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен академиялық мобильділік бойынша магистранттардың тағлымнамасы

19.02.2020

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасына 17.02.2020-26.02.2020 аралығында, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен академиялық мобильділік бойынша магистранттар тағылымнамадан өтті. Осы аралық уақытында магистранттар биофизика, адам және жануарлар физиологиясы, биологияны оқыту әдісі атты пәндердің дәрістеріне, лабораториялық сабақтарына қатыстып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мұражайына барды.

Тулеуханов С.Т.

Аблайханова Н.Т.

Ыдырыс А

Малибаева А.Е.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Адам және жануарлар физиологиясы институтының ғылыми бағыттарымен танысу

19.02.2020

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының 3- 4 курс студенттері мен 1-2 курс магистранттары жылда ғылыми тәжірибелерін нақты айтқанда диплом мен диссертациялық жұмыстарын «Адам және жануарлар физиологиясы» атты институтта жүргізеді. Осы институтпен кафедрамыз келісім шартқа отырған. Доцент м.а. б.ғ.к. Г.Қ. Атанбаева мен доцент б.ғ.к. С.Н. Әбдірешовтың жетекшілігімен ғылыми жұмыстары жасалады. Студенттер мен магистранттарымыз Институтта білімдері мен біліктерін арттырады.

 

 

www.kaznu.kz  

Ары қарай оқу >>

Мамандық – өмір таңдауы

17.02.2020

«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында «Мамандық – өмір таңдауы» атты  кәсіптік бағыт бағдар беру бойынша Алматы қаласының № 178 лицейінде кездесу өткізілді. Кездесу барысында жалпы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тынысымен таныстырылды. Семинар барысында  мектеп оқушылары өздерінің сұрақтарын қойып,  медицина және биология саласында қандай мамандықтар таңдауға болатынын сұрап, баяндамашыны қызыға тыңдады.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

№ 15 мектеп-гимназия оқушыларына жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары

14.02.2020

Бүгінгі күні оқушылардың тек 10-15 пайызы ғана болашақта кім болғысы келетінін біледі. Ал, қалған көпшілігі, бұл түлектердің кем дегенде 85 пайызы "сосын көре жатырмыз" принципі бойынша мамандықты таңдайды. Алайда, мамандықты таңдау кезінде оқушылар мен студенттер тек оқу орнының беделі мен мамандықтың атауына сүйеніп отырады. Талап етілмейтін мамандардың үлкен санымен және мамандықты кездейсоқ таңдамаулары үшін оқу жоспары бойынша өтетін педагогикалық тәжірибе кезінде біздің кафедра оқытушылары 4 курс студенттерімен бірге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыс оқушыларға өз қабілеттері мен таланттарын аша алатын, өздерінің барлық әлеуетін жүзеге асыра алатын кәсіби саланы анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылармен кездесу және әңгімелесу кезінде олар кәсіби қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіпті және оқу орнын саналы таңдауға көмектесетін ақпарат пен кеңестер алады.

Фотосуреттерде кафедра оқытушылары А.Б. Еланцев, доцент м. а. М. С. Кулбаева, аға оқытушы Е. В. Швецова № 15 гимназия оқушыларымен кездесу кезінде.

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

№167 ЖББМ кәсіби бағдар беру жұмыстары

25.01.2020

  2019-2020 оқу жылына арналған биология және биотехнология факультетінің 5В07100 -«Биотехнология» мамандығы бойынша 4 курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес 2 аптаға 13.01.2020-25.01.2020 жж. аралығында үздіксіз педагогикалық тәжірибеге №167 ЖББМ-ке апарылды онда студентерді мектеп ережелерімен таныстырып, мектептегі ұстаздармен кездестірді. 4 курс 5В07100 -«Биотехнология» мамандығының 16-08 топқа жетекшілік еткен Санбаева Б.Ж.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>