Жаңалықтар

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып емтихан сессиясын өткізу

28.04.2020

Студенттер назарына!

 

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде сағат 11.00-де Microsoft Teams платформасында биофизика және биомедицина кафедрасының ПОҚ онлайн режимінде жазғы емтихан сессиясын қашықтықтан өткізу мәселелері бойынша кездесу өткізеді.

 

Сілтеме: Присоединиться к собранию Microsoft Teams

Дополнительные сведения о Teams | Параметры собрания

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Ынтымағы жарасқан – туған өлкем Қазақстан

20.04.2020

2020 жылы 20 сәуірде «1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ» орай Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және Биотехнология факультеті, Биофизика және Биомедицина кафедрасы, 7М05103-БИОФИЗИКА мамандығының 1 курс магистранттары ұйымдастырылуымен Microsoft Teams платформасында онлайн-режимде «5В011300-Биология»  3 курс, «5В060700-Биология» 2 курс студенттерінің қатысуымен "Ынтымағы жарасқан – туған өлкем Қазақстан" атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Биофизика және Биомедицина кафедрасының меңгерушісі: б.ғ.д., профессор Төлеуханов С.Т., кафедра меңгерушісінің орынбасары: б.ғ.к., доцент Аблайханова Н.Т., куратор-эдвайзер: м.ғ.к., доцент м.а. Тусупбекова Г.А., профессор Гумарова Л.Ж., б.ғ.к., доцент м.а. Кулбаева М.С., б.ғ.к., доцент м.а. Атанбаева Г.К., Жалпы және Қолданбалы Психология кафедрасының профессоры, кафедра меңгерушісі Мадалиева Забира Бекешовна, к.б.н., аға оқытушы: Кожахметова А.Н., оқытушылары, PHD доктаранты: Қайрат Б., Үсіпбек Б. қатысты.

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылары қашықтықта оқытуға көшті

15.04.2020

Елімізде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шара қолға алынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту түріне көшетінін міндеттеді.

Соның нәтижесінде «Биофизика және биомедицина» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтан оқыту жүйесімен, яғни​ онлайн-форматта оқыту үдерісін оқу жүктемесіне, оқу бағдарламасы мен сабақ кестесіне толықтай сәйкес жүргізуде. Кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамы қашықтан оқыту барысында құрал ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстардан үзінділерді, сонымен қатар кафедра меңгерушісі, б.ғ.д., профессор С.Т. Төлеуханов пен б.ғ.к., профессор Н.Т. Торманов авторлығымен «Биофизика» және «Адам және жануарлар физиологиясы» пәндері бойынша дайындалған ЖАОК пайдалануда.

Әртүрлі қашықтықта отырғандарына қарамастан студенттер мен магистранттар өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезініп, өздерінің білімдерін кеңейту үшін ізденуге, шығармашылықпен ойлануға, диалогқа түсе білуге, өз ойларын дәлелдеуде, ақпарат ресурстарын дұрыс пайдаланып, субъектілік қатынастағы мәселелерді​ шешуде, білімді еркін меңгеріп, оны тәжірибеде қолдануға қабілеттіліктіліктерін көрсетіп отыр.

 

www.kaznu.kz  

Ары қарай оқу >>

Ұлы Абай Құнанбайұлына 175 жыл

10.04.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Биология және биотехнология факультеті,Биофизика және Биомедицина кафедрасының Биомедицина мамандығының 1 курс студенттері мен кураторлары Малибаева А., Үсіпбек Б, Молсадыккызы М, Санбаева Б. ұйымдастырылуымен өткен "Ұлы Абай Құнанбайұлына 175 жыл" атты тәрбие сағаты өтілді.

 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Республикалық пәндік олимпиада-2020

26.03.2020

2020 жылдың 26 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары оқу орындарының студенттері арасында «5В060700-Биология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Осы жылы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада қашықтықтан Zoom платформасында бейнеконференция форматында өтті. «Биология» мамандығы бойынша қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға ҚР 8 ЖОО-нан 14 команда қатысты. Біздің университеттің командалары жүлделі 1, 2 және 3 орындарға ие болды.

 

Қожахметова А.Н.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

 

www.kaznu.kz

 

 

Ары қарай оқу >>

Қашықтықтан оқыту!

16.03.2020

Қашықтықтан оқыту!

Коронавирустық инфекция таралуының алдын алу мақсатында барлық студенттер 2020 жылдың 16 наурызынан бастап қашықтықтан оқыту режиміне көшеді.

Құрметті студенттер, барлық ережелер мен гигиенаны сақтаңыздар!

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

№ 181 мектеп оқушыларына жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары

13.03.2020

     13.03.2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, биология және биотехнология факультетінің, биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы   Сайдахметова А.К. № 181 мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>