Жаңалықтар

Педагогикалық практика бойынша анықтамалық конференция

17.09.2020

 

2020 жылдың 17 қыркүйегінде биофизика және биомедицина кафедрасының 5В011300-Биология (педагогика), 5В060700-Биология (ғылыми) мамандықтарының 3-4 курс студенттері мен практика жетекшілерінің қатысуымен қашықтықтан оқыту форматындағы педагогикалық практикаға арналған бағдарлы конференция өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Биофизика және биомедицина кафедрасының магистранттарымен кездесу

11.09.2020

2020 жылдың 11 қыркүйегінде биофизика және биомедицина кафедрасында "7М01504 – Биология" және "5М05102 - Биомедицина" мамандықтары бойынша 1 – курс магистранттарымен кездесу өтті. Кафедра профессорлары болашақ магистранттарға оқу процесі және магистратурадағы ғылыми зерттеулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ары қарай оқу >>

Жаңа оқу жылының ерекшеліктері

03.09.2020

Жаңа оқу жылы қарсаңында, 2020 жылдың 3 қыркүйегінде, ZOOM платформасында биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к, профессор А.М.Кустубаева 2020-2021 оқу жылына арналған оқу процесін ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін оқытушылармен онлайн кездесу өткізді.

Кафедра басшысы пандемияға байланысты өзгерістер туралы, сондай-ақ алдағы оқу жылының негізгі ерекшеліктері туралы айтты.

Ары қарай оқу >>

Кафедраның жаңа басшысымен танысу

25.08.2020

2020 жылдың 25 тамызында Microsoft Teams платформасында биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылар құрамының ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Рамазановпен және биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Заядан Б.К-пен онлайн кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты - биофизика және биомедицина кафедрасының жаңа меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор А.М.Кустубаевамен танысу болды. Кездесу барысында Кустубаева А.М құттықтау сөз сөйлеп, ұжымға алғыс сөздер айтты: «Құрметті ханымдар мен мырзалар, мен сіздермен кездесуге берілген мүмкіндікті жоғары бағалаймын және маған көрсетілген құрмет пен сенім үшін зор ризашылық білдіремін!»

Танысу процесі Кустубаева А.М.-ны жаңа қызметімен құттықтап, табыс пен қалаулы нәтиже тілеумен аяқталды.

Ары қарай оқу >>

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектер күні туралы ақпарат

02.06.2020

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектер күні туралы ақпарат

Биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектер күні онлайн режимде 30 мамырда өтті. Кафедра түлектері мен өткен жүзжылдықта оқыған және осы жылғы түлектер жаңа форматта кездесті. Бұл жыл 1980 жылғы түлектер үшін мерейтойлық жыл, себебі С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеніне 40 жыл, 1980 жылдары біздің университет осылай аталған. Бұған дейін бұл кафедра адам және жануарлар физиологиясы және биофизикасы деп аталған, кездесуге осы бірлескен кафедраның 20-дан астам түлектері қатысты. Кездесуге 2020 жылдың түлектері – студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ түлектерінің күні

27.05.2020

 

Құрметті ҚазМУ/ҚазҰУ түлектері!

 

Биофизика және биомедицина кафедрасы Сіздерді 2020 жылы 30 мамыр күні сағат 12.00-де онлайн форматта өтетін әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дәстүрлі ҚазҰУ түлектерінің Форумына шақырады.

 

Кездесу онлайн режимде Zoom бағдарламасын қолдану арқылы өткізіледі.

 

 

Конференция идентификаторы: 703 735 7514

Пароль: 1

Байланыс телефоны: +7 747 409 5294 Елена Витальевна Швецова

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЙҚАУ!

27.05.2020

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына байқау жариялайды. 

Вакансиялар және қажетті құжаттардың тізімі, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

 

Конкурс на замещение вакантных должностей 2020.pd

KazNU-competition for vacant positions_2020 (1).pd

 

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ: 2020 жылдың маусым айының 19 жұлдызына дейін (қоса алғанда).

 

Қажетті құжаттардың тізімі:

1. Университет ректорының атына өтініш;

2. кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс-парағы;

3. өмірбаян;

4. нотариалды расталған жоғары білім, академиялық және ғылыми дәрежесін растайтын дипломдарының көшірмесі;

5. ғылыми атағын растайтын аттестат көшірмесі;

6. ғылыми еңбектерінің тізімі (болған жағдайда);

7. анкета;

8. соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

9. біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда);

11. еңбек кітапшасының көшірмесі;

12. жеке медициналық кітапша (№086 медициналық анықтама), флюорожазба.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы және қызметкерлер мәдени корпоративтік кодексін білу және орындау міндетті;

2. ғылыми дәрежесі мен ғылыми атақ болуы тиіс;

3. ғылыми-білім беру ұйымдарында жұмыс тәжірибесі;

4. оқу-әдістемелік еңбектері (ҚР БҒМ РУМС ұсынымы бойынша белгілі отандық және шетелдік басылымдарда шығарған);

5. ғылыми зерттеу немесе халықаралық жобаларда белсене қатысу;

6. шет тілін білу (тіл және халықаралық бағыттағы кафедраға ваканттық орынға үміткер үшін міндетті);

7. ҚР БҒМ ұсынған және халықаралық ғылыми журналда ақпараттық базасына кіретін Thomson Reuters және Scopus басылымдарының болуы.

 

Құжаттар келесі мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ, ректорат (№703, 704 бөлмелер), жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (Адам ресурстары және архив басқармасы).

Анықтама телефондары: 8 (727) 377 35 35, 377 33 30 (ішкі 11-71, 11-73), факс – 377 33 44.

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

" COVID-19 Коронавирустық инфекция» халықаралық онлайн-конференция

04.05.2020

Ақпараттық хат

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті биофизика және биомедицина кафедрасы " COVID-19 Коронавирустық инфекция" тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.

     Конференцияны өткізу күні: 5 мамыр 2020 жыл сағат 16:00 (Алматы уақыты бойынша, UTC +06: 00) online форматында (Microsoft Teams платформасы).

Конференцияның модераторы: биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор С.Т.Тулеуханов

Конференцияға қатысуға оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, барлық клиникалық және зертханалық медицина мамандары, клиникалық-диагностикалық және микробиологиялық зертханалардың қызметкерлері, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары мен докторанттар шақырылады.

Конференцияда келесі сұрақтар талқыланады: 

- COVID-19 жұқпасының этиологиясы және патогенезі.

- COVID-19 коронавирустық инфекцияның клиникалық ерекшеліктері.

- Қазақстан мен әлемде коронавируспен күрес тәжірибесін жинақтау.

- Дәрігерлер мен олардың жақындарын COVID-19-дан қорғау.

Кіру сілтемесі: Присоединиться к собранию Microsoft Teams

Дополнительные сведения о Teams | Параметры собрания

 

www.kaznu.kz  

Ары қарай оқу >>