Жаңалықтар мен хабарландырулар

Жапон ғалымы қонақ болды

14.09.2022

2022 ж.14 қыркүйек күні Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінде белгілі алаштанушы, Хоккайдо университеті Славян-Еуразия ғылыми-зерттеу орталығының профессоры Томохико Уяма қонақ болды

Ары қарай оқу >>

Түлектер күні

16.06.2022

           28 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дәстүрлі түлектер күні өтті. Шығыстану факультетінде де бітіргеніне 10, 15, 20 жыл толған түлектер келді. Түлектерге арнап мерекелік концерт ұйымдастырылды. Факультет атынан алғыс хаттар тапсырылды. Түлектер өз кезегінде факультетке деген ыстық ықыластарын білдіріп жатты. 2007 жылғы жапонтану түлектері өз аттарынан бірінші курс студенттеріне 100 мың теңге көлемінде шәкіртақы тағайындады, студенттерге жапон тілінен оқулықтар тапсырды. Сонымен қатар осы түлектер факультетке жапон тіліне аударылған құранды сыйға тартты. Факультет құранды университетіміздің ғылыми кітапханасына тапсырды.

Ары қарай оқу >>

Орта Азия мемлекеттеріндегі жапон тілі мұғалімдерінің семинары

31.05.2022

Дәстүрлі Орталық Азия мемлекеттер арасындағы жапон тілінен шешендік өнер сайысы осы жылы Қазақстанда Алматы қаласында 21 мамырда өтті. Екінші күні Қазақстан-Жапон орталығында 22 мамырда шешендік өнер сайысына жиналған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан жапон тілі мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинар барысында осы елдердегі жапон тілі, жапон тілінің оқытылуы жайлы баяндамалар жасалды. Екінші бөлімінде «Онлайн оқыту тәжірибелері» тақырыбында воркшоп болды. Воркшоп барысында жапон тілі оқытушылары онлайн оқыту кезіндегі өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, дұрыс, бұрыс жақтары талқыланды. Сонымен қатар, осы пандемия кезінде қашықтан оқыту барысында жиналған тәжірибені, әдіс-тәсілдерді дәстүрлі оқыту барысында қалай қолдануға болады, қолдануға бола ма деген мәселелер қарастырылды. Семинар нәтижесінде мұғалімдер ковидтен кейінгі оқыту методикасының өзгеріске ұшырайтынын, сондай-ақ онлайн және оффлайн тәсілдерін ұштастырып, жаңа оқыту форматының пайда болғанын және оны ары қарай дамыту қажеттігі талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азия елдерінің арасында жапон тілінен 25-ші шешендік өнер сайысы

21.05.2022

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ- да    Орталық Азия елдерінің арасында жапон тілінен 25-ші шешендік өнер сайысы өткізілді. Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан, Түрікменстан елдерінен 17 оқушы қатысты. Аталмыш шара   Жапония, Өзбекстан, Түркменстан елдерінде онлайн көрсетілді.

Ары қарай оқу >>