Қиыр Шығыс кафедрасының шақырылған профессоры Ли Бён Джо онлайн режимде Чоннам ұлттық университетіне арнайы дәріс оқыды

09.07.2022

Көрулер: 546

2022 жылдың 8 шілдесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының шақырылған профессоры Ли Бён Джо Чоннам ұлттық университетінің корей әдебиеті кафедрасының 30-ға жуық магистранттары мен докторанттарына онлайн режимде арнайы дәріс оқыды. Арнайы дәрістің тақырыбы «ТМД корейлерінің дәстүрлі мәдени мұрасы: Орталық Азия аймақтарының орталықтарында» деп аталды және арнайы дәрісте студенттер ТМД корейлерінің дәстүрлі мәдени мұралары туралы толыққанды ғылыми ақпарат ала алды.